✴Шабанбай би кесенесі

🌏Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шет ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде, Нұра өзенінің жағасында орналасқан.

📝Шабанбай  би Қалқаманұлы, 1753-1838 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, атақты би, шешен. Қараменде, Сеңкібай, Жидебай, Боранбай және Жанқұтты сияқты атақты би-шешендердің замандасы.

✨Шабанбай би Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандарының атырабында Ақсу, Қаратал, Нұра, Талды, Қаражал, Маутан, Қызылтас, Қызылтау өңірінде билік қызмет атқарған.

 

 


 

ҚАРАЖАРТАС ҚОРЫМЫ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды ауылынан шығысқа қарай 13 км жерде Талды-Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Археологтар көне мазарды қола дәуірініӊ Беғазы - Дәндібай мәдениетіне жатқызады. Үш мыӊжылдық тарихы бар қорым сол заманныӊ белгісіз билеушісіне тиесілі болған.

Қорым 32 нысаннан тұрады.

Зерттелуі: 2016-2017 ж. А.З.Бейсенов, И.А.Кукушкин зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтірді.

Сатылы-пирамида  кесененің көлемі 14×13,5 м, биіктігі 3 м.

Кесененің орталық бөлігінде адам жерленіп, үсті жалпақ тастармен жабылған.

Зерттеу жұмыстары кезінде  соңғы қола дәуіріне тән қыш ыдыстың бөліктері, қоладан құйылған жебе ұшы мен алтын сақина шыққан.